Иммунитет

Описание:
Доступные действия
Введите защитный код для скачивания файла и нажмите "Скачать файл"
Защитный код
Введите защитный код

Нажмите на изображение для генерации защитного кода

Текст:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ атындағы

 КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Педагогика» факультеті

«Биология және география» кафедрасы

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы

              Пән: « Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигенасы »

         Тақырыбы: Иммунитет

                                                          Орындаган:  Тажибаева Л.М.

                                                           Қабылдаған:  Базаров Б.К.

                                              Ақтау – 2016ж.

                                          Иммунитет

Жоспары:

1.     Иммунитет

2.     Зерттеулер

3.     Қорғаушы заттар, антиденелер

4.     Иммунитеттің түрлері: жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу

5.     Иммунитет түсінігі биологияда, конституциялық құқықта, халықаралық құқықта қолданылуы

6.     Иммунитет түзуші ағзалар: лимфоциттер, айырша без, тимоциттер, сүйек кемігі, көк бауыр, қан

7.     Жасушалық иммунитет

8.     Иммунитетті нығайту әдістері


Иммунитет

паразиттербактериятоксиндермикробтарластануВИРУС

     Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу) немесе Төтемелілік — организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті.

     Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.

    Иммунитет - организмнің ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін,сондай-ақ генетикалық табиғатыбасқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморалды реттеу жағдайында әрекет етеді.


                                                  Зерттеулер

Иммунитет құбылысын жан-жақты зерттеуде Л.Пастер, И.И. Мечников, т.б. зерттеуші-ғалымдардың сіңірген еңбегінің маңызы зор болды. Мысалы, 1897 жылы неміс ғалымы П.Эрлих алғаш рет организмдегі иммундық реакцияның химиялық моделін, яғни “бүйірлі тізбек теориясын” ұсынды. Ал 1959 жылы австралиялық ғалым Ф.Бернет және даниялық ғалым Н.Кай Ерне иммунитеттің клондық-сұрыпталу теориясын ұсынды. Бұл жаңалықтар ғылымда иммунитеттің белгісіз қасиеттерін ашуға жол салды.
Иммунитет – өсімдіктер арасында да ауруға қарсы төзімділік туғызатын биологиялық қасиет. Өсімдіктер иммунитеті туралы ғылымның негізін салған Н.И. Вавилов. Ол өсімдіктер иммунитетнің екі формасы: сұрыпты иммунитет және түрлік иммунитет бар екенін анықтады. Өсімдіктер иммунитеті олардың морфол., физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен байланысты, олардың біреулері шешуші, ал екіншілері қосымша рөл атқарады. Иммунитет заңдылықтарына сүйене отырып, адам мен жануарлар арасында кездесетін әртүрлі жұқпалы ауруларға диагноз қою, емдеу және оларға қарсы егу әдістерін енгізуде, ауруға тұрақты өсімдік сұрыптарын шығару бағытында Қазақстан ғалымдары айтарлықтай зерттеулер жүргізді.

Л.Пастер зерттеу үстінде.

Қорғаушы заттар, антиденелер

     Организмнің зиянды микробтар енуіне қарсы тұра алатын ерекше бейімделушілігін организмнің табиғи төзімділігі деп атайды. Бұған организмнің кез келген бөгде заттарға қарсы тұрып оларды жоюға қатысатын тері эпителийінің механикалық қасиеті, сонымен бірге ауру қоздыратын микробтарды жойып жіберетін бактериоцидтік заттар бөлуі, асқазан сөлінің микроб жойғыш қасиеті, шырышты қабаттардың, лимфобездердің қорғаныс қабілеті, көз жасының, сілекейдің микробтарға қарсы әсер ету қасиеті, қан сарысуының құрамында болатын қорғаушы заттар – фагоциттер, лизоцим, бактериолизин, т.б. жатады. Бұлар иммунитеттің жалпы әсер етуші факторларына жатады. Өйткені олар дені сау адамдар мен жануарлардың барлығында әртүрлі мөлшерде тұрақты түрде болады. Ал организмге зиянды микробтар түскенде оларды тікелей жоюға қатысатын ақуыз, яғни табиғаты, қорғаушылық қабілеттілігі өте күшті арнайы заттар – антиденелер түзіледі. Олар көк бауыр, бауыр, сүйек кемігі, т.б. ұлпаларында өндіріліп, қан арқылы барлық организмге тарайды. Мұндай антиденелер қандай затқа қарсы пайда болса, соны ғана жоюға қатысады. Олар иммунитеттің арнаулы факторларына жатады.


   Иммунитеттің түрлері: Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу

    Егу арқылы қалыптастырады. Жұқпалы ауруға қарсы ауру туғызатын бактрияриялардың немесе вирустардың, әлсіретілген немесе ультракүлгін сәулемен өлтірілген екпе түрін егеді. Мұндай жағдайда ауру жеңіл түрде өтеді. Организмде қарсы дене пайда болып, жасанды иммунитет тұрақты түрде көмектесу үшін құрамында дайын қарсы денесі бар малдың қан сарысуын егеді. Малдарға мөлшерін бірте көбейтіп, микробтарды жұқтырады. Ауық-ауық малдан қан алып, құрамындағы жасушалармен фибриноген нәруызын бөліп, емдік сарысу алады. бұл кезде иммунитет уақытша ғана қалыптасады.

   Кейбір жануарлар мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды. Ол табиғижәне жасанды деп екіге бөлінеді (екеуі де белсенді және енжар болып ажыратылады). Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді түрі жұқпалы аурулармен науқастанып тұрғаннан кейін пайда болады. Әдетте, ол ұзақ мерзімге созылады, кейбір жағдайда өмір бойына сақталады. Мысалы, адамдар шешек, қызылша, т.б. жұқпалы аурулармен бір рет ауырып тұрса, екінші рет қайталап ауырмайды. Ал табиғи иммунитеттің енжар түрі нәрестеге құрсақта жатқанда бала жолдасы (плацента) арқылы, ал туғаннан кейін анасының сүтімен беріледі. Мұндай иммунитет ұзаққа созылмайды, сәби 1 жасқа келгенше сақталуы мүмкін.


  Ауруды болдырмау үшін алдын ала егудің немесе биологиялық препараттар енгізудің нәтижесінде түзілген иммунитет жасанды иммунитет деп аталады. Егер де ондай иммунитет вакцина егуден кейін пайда болса – белсенді, ал дайын иммунды қан сарысуын құйғанда пайда болса – енжар иммунитет дейді. Жасанды жолмен, яғни егудің нәтижесінде құралған белсенді иммунитет енжар түріне қарағанда, ұзағырақ (6 айдан бірнеше жылға дейін) сақталады. Мысалы, шешек ауруына, қызылша,туберкулез, сіреспе, күл, т.б. ауруларға қарсы егу. Ал сарысу енгізгеннен кейін пайда болатын енжар иммунитеттің 2 – 3 аптадан 1 айға дейін ғана тиімділігі бар. Мысалы, сіреспе, күл ауруларына, ботулизмге қарсы иммунды қан сарысуларын егу. Иммунитеттің түзілуіне бүкіл организм қатысады. Басқарушы және бағыттаушы орган – орталық жүйке жүйесі болып табылады. Адам мен жануарлар организмінде жасанды иммунитет туғызуға болады. Оны – иммунитеттеу деп атайды. Ол да белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Белсенді иммунитеттеу антигендерде – вакцина препараттарын (тірі микроорганизмдерден алынған) егу (теріге жағу, тері астына, ет арасына, мұрынға, ауызға тамызу) арқылы туғызылады. Иммунитет күші, қасиеті иммунитет туғызған вакциналық препараттың мөлшеріне, сапасына, дайындық мерзіміне байланысты болады. Белсенді иммунитеттеуді 1 – 2 жетіде қайталап егеді. Әсіресе, күшті әсер ететіні – бірнеше айдан не жылдан кейін егілген иммунитет. Енжар иммунитеттеуде қан не қан сары суына қосылған арнайы препараттарды тері астына, ет арасына егеді. Бұлар дайын антиденелер болады. Енжар иммунитеттеу бір айға ғана созылады. Сондықтан қызылша, күл, сіреспе, гангрена, тұмау, т.б. ауруларға арналған иммунитеттеуді қайталап егеді. Иммунитеттеу ветеринарияда да жиі қолданылады. Әсіресе, аусыл, жамандат, қарасан, кебенек, сарып, т.б. ауруларға қарсы жүргізіледі. Адам иммунитеті сыртқы орта және әлеуметтік жағдайларға, адамның жасына және жынысына байланысты болады. Адамның дене қызуы көтерілуі, салқынға шалдығуы, шамадан тыс қатты шаршауы, қайғы-қасіретке ұшырауы, ауыр жарақат алуы, әртүрлі ауруларға (әсіресе, эндокринді) шалдығуы, дұрыс тамақтанбауы, витаминдер және кейбір химиялық микроэлементтердің,фосфор, кальций тұздарының жетіспеушілігі – организмде иммунитеттің жақсы түзілуін тежейді.


       Иммунитет түсінігі биологияда, конституциялық    құқықта, халықаралық құқықта қолданылуы.

Иммунитет биологияда — организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті.

    Иммунитет конституциялық құқықта – мемлекеттің кейбір санаттағы лауазымды адамдарының ешкім тиіспейтін пұрсаттылығы. Парламенттік иммунитет,президенттік иммунитет және сот иммунитетті болып ажыратылады.

   Парламенттік иммунитет — депутатты оның барлық әрекеттері үшін, соның ішінде парламенттік міндеттерін атқару кезінде жасаған әрекеттері үшін де қамауға алып, сот алдында жауапқа тартуға тыйым салуды білдіреді.

   Президенттік иммунитет — мемлекет басшысы өзінің міндетін атқарып тұрған кезінде тұтқындалмайтынын, қамауға алынбайтынын, сот алдында жауапқа тартылмайтынын білдіреді.  Президенттік иммунитет тек Конституцияда көзделген ерекше тәртіппен қызметтен кетірілгенде ғана алынып тасталады. Бұдан кейін президент сот тәртібімен қудалануы мүмкін, не мүлде қудаланбайды. Францияда және кейбір басқа да елдерде президент тек мемлекеттік опасыздық жасаған жағдайда ғана парламенттің шешімімен арнаулы сотқа беріледі. Қазақстанда, Конституцияда көзделгеніндей, ел Президентіне, оның абыройы мен ар-намысына ешкімнің тиісуіне болмайды.

   Сот иммунитеті бойынша, судья тиісті құзыретті органның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартылмайды, қамауға алынбайды, айдап әкелінбейді.

Иммунитет халықаралық құқықта — мемлекеттік иммунитет және дипломатиялық иммунитет деп аталатын түрлері бар.

   Мемлекеттік иммунитет – дербес мемлекетті шет ел сотының соттамайтындығын білдіреді. Дербес мемлекет иммунитетінің құқықтық негізі БҰҰ Жарғысымен баянды етілген мемлекет егемендігі болып табылады.

    Дипломатиялық иммунитет – шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, олардың келген еліндегі басшыларына және қызметкерлеріне берілетін ерекше құқықтар мен пұрсаттылықтар.  Бұл иммунитеттің мақсаты – дипломатиялық өкілдіктердің міндеттерін жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Оның заңи табиғаты мынаған негізделеді: бір егеменді мемлекет екінші егеменді мемлекеттің билігіне бағына алмайды, ал дипломатиялық өкілдіктер мен оның дипломатиялық қызметкерлері сол мемлекеттің бет-бейнесі болып табылады. Дипломатиялық иммунитетті беру тәртібі мен көлемі “Дипломатиялық қатынастар туралы” Вена конвенциясында айқындалған. Бұл Конвенцияда дипломатиялық иммунитеттер дипломатиялық өкілдіктердің иммунитеттері мен дипломатиялық қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің жеке иммунитеттеріне бөлінеді.

Алғашқысына мыналар жатады:

-         дипломатиялық өкілдіктің үй-жайларына қол сұғылмайтындық, мүлік және жүріп-тұру құралдарының, хат-хабар мен мұрағаттардың иммунитеті;

-         қазыналық иммунитет;

-         өкілдіктің өз орталығымен және өз мемлекетінің басқа да өкілдіктерімен қарым-қатынас жасау құқығы.

   Өкілдіктің үй-жайларына, олардың жиһаз-мүліктеріне, сондай-ақ өкілдіктің жүріп-тұру көлігін тінтуден, реквизициялаудан, қамауға алудан, т.б. қорғалу иммунитеті қолданылады. Қабылдаушы мемлекеттің өкімет орындары дипломатиялық өкілдік басшысының келісімінсіз осы өкілдік аумағына кіре алмайды. Дипломатиялық пошта шексіз тиіспеушілікті пайдаланады және оның салмағына немесе орын санына шек қойылмаған.

 Дипломатиялық қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің жеке иммунитетне мыналар жатады:

-         жеке басқа, тұрғын-жайға тиіспеушілік;

-         келген мемлекетінің қылмыстық заңи хұкімінен, сондай-ақ атқарушылық әрекетке қатысты тұрғыда азаматтық және әкімшілік заңи хұкімінен толық қорғалу иммунитеті;

-         қазыналық иммунитет.

   Бұл орайда азаматтық заңи хұкіметтен қорғалу иммунитеті туралы ережеден үш нәрсеге айрықшалық белгіленген: дипломат немесе оның отбасы мүшесі жеке иеленетін жылжымайтын мүлік жөнінде сот тәртібімен талап қоюына, осы адамдар мұрагерлер болып табылатын мұралану ісі жөнінде талап қоюына, сондай-ақ олар жеке бастың пайдасын көздеп айналысып жүрген кәсіптік немесе коммерциялық қызмет жөнінде талап қоюына болады. Дипломатиялық қызметкердің немесе оның отбасы мүшесінің жеке қолжүгіне тиіспеушілік қолданылады. Алайда онда әкелуге немесе әкетуге тыйым салынған заттар бар деп жорамалдауға елеулі негіз болса, Вена конвенциясында мүдделі тұлғалардың немесе оның өкілінің қатысуымен оның тексерілуі мүмкін екендігі көзделген.                       Әкімшілік-техникалық қызметкерлер де, егер олар келген мемлекетінің азаматтары болмаса немесе онда тұрақты тұрмаса, өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерімен бірге дипломатиялық иммунитетті пайдаланады.          Қызмет көрсетуші қызметкерлер иммунитетті қызмет бабындағы міндеттерін орындағанда пайдаланады, сонымен қатар олар қызмет бойынша алатын жалақысына салынатын салықтардан, алымдардан, баждардан босатылады. Бұл иммунитет келген мемлекетінің азаматы болып табылмайтын немесе онда тұрақты тұрмайтын қызметкерлерге беріледі.
Дипломатиялық өкілдікке және оның қызметкерлеріне келген елі дипломатиялық иммунитетпен қатар кедендік сипаттағы артықшылықтар да береді, яғни дипломатиялық қолжүктер кеден алымын, баж, т.б. салудан босатылады. Дипломаттар мен олардың отбасы мүшелеріне келген мемлекеті белгілеген жабық аймақтар туралы ережелерді ескере отырып, осы мемлекеттің аумағында еркін жүріп-тұру құқығын құрайтын артықшылық та беріледі.


                                  Иммунитет түзуші ағзалар

                                Лимфоциттер

Иммунды жүйенің орталық фигурасы лимфоциттер болып табылады.Иммунды жүйе дененің барлық лимфоидты жасушаларының жиынтығы және лимфоидты ағзалардың бірлестігі болып саналады.Ағзалардың лимфоидты жүйесі иммунды жүйенің морфологиялық синонимі түрінде көрініс табады.Лимфоидты ағзалардың және адам денесінің ұлпаларының лимфоидты ағзалардың бірлестігі(айырша без,көк бауыр,лимфа түйіні,топтық лимфатикалық фоллткулдар,пейер табақшалары) сүйек кемігі лимфоциттері және перифериялық қан лимфоциттері басқада лимфоидты жүйелер) иммуннологиның бірегей мүшесін құрайды.Бұл диффузды ағзалардың жалпы салмағы адамдарда 1,5-2 кг.Лимфа жасушаларының жалпы салмағы 10-12 дәрежелі құрайды.

Иммунологиялық реактивтіліктің 6 спецификалық реакциясы белгілі.

1. Антидене өндіру.

2. Жылдам дамитын гиперсезімталдық.

3. Баяу дамитын гиперсезімталдық.

4. Иммундық ес.

5. Иммундық толлеранттылық.

6. Идиотип-антиидиотиптік әсер.

Иммунды жауап лимфоидты жүйе иммунитет жүйесімен қамтамасыз етіледі.Лимфоидты жүйеде орталық және шеткері мүшелер ерекшеленді.Орталық мүшелерге сүйек кемігімен тимус жатады.Ал шеткері мүшелерге көк бауыр,лимфа түйіні,ішектің пейер табақшалары,аппендикс,бадамшалар,басқа лимфоидты түзілістер жатады.Антидене өндірілу және сенсибилирзерленген лимфоциттер жиыны шеткері мүшелерде жүреді.Олардың дамуы және функционерленуі орталық мүшелерге тәуелді.Иммунды реакцияларды қамтамасыз ететін жасушалар жалпы түрде иммуноциттер немесе иммунокомпетентті жасушалар деп аталады.1969ж И.Роид иммунологиялық әдебиетке Т және В символдарын енгізді.Тимус тәуелді жүйе эффекторлы лимфоциттердің жиналуымен жасушалы типтің иммунды жауапты жүргізеді.Бұл жүйе гуморалды иммунитет жауабына жауапты болады.Т-жүйе В-жүйенің жұмысын бақылайды.

Адамдарда иммунитеттің екі жасушалық иммунитет жүйесінің болуының дәлелі туа пайда болған иммунологиялық жетіспеушілік болады.Бұл генетикалық қамтамасызданған даму ақаулары біріншілік иммунодефицит деп аталады.

                                    

Айырша без

Айырша безді (тимус)-Д.Ж Миллер 1961ж П Фернет 1964ж және т б жұмыстары арқасында иммунитетте және лимфоидты жүйелердің түзілуінде айырша бездің маңызды рөлі анықталған.Айырша без біріншілік лимфоидты жүйе болып табылады (орталық).Ол екі үлкен үлестен тұрады. Бұл үлестер өзара ұсақ үлесшелерге бөлінеді.Әрбір үлес қыртысты және милы қабаттан тұрады. Айырша без стромасы өсімді формалы спецификалық эпителиалды жасушалармен көрініс табады.Қыртысты қабаты жоғары метотикалық активтілігімен ерекшелінетін кіші лимфоциттермен толтырылған (тимоциттер).

Морфологиясы жағынан басқа ұлпалардың кіші лимфоциттерімен олар ерекшеленбейді.Милы қабатта тимоциттер аз болады.Айырша безде ұйымдастырылған бастама орталықтар жоқ. Милы қабаттың эпителиалды жасушалары компакты аралшалар – айырша без денешіктерін түзеді. Афферентті лимфо түйіндері мүшелерде жоқ. Қыртысты қабатта тимоциттердің белсенді дамуы жүреді.Бұл жерде митоз темпі өте жоғары жасушалы цикл 3-6 сағат жүреді.Кортикалды лимфоциттер дамымағанымен ерекшеленеді және прогрессивті жетілген Т- лимфоциттерге дифференцирленеді.Мұндайда олар милы қабатқа одан қанға мигрейленеді.Т-лимфоциттерден басқа айырша без қанға Т- лимфоциттердің жетілуіне қатысатын активті гормон тәрізді заттарды тастайды.

                                         Тимоциттер

Тимоциттер бір- бірінен эпителиалды жасушалармен шектелетін үлкен емес аралшықтарда орналасады.Бұл жиындарды кларк- пакеті деп аталады. Әрбір пакетте міндетті түрде 1-2 макрофактар болады. Пайда болатын тимустық лимфоциттердің жарты бөлігі осы жерде бұзылады, басқа бөлігі циркуляцияға ұшырайды.

    Айырша без эмбриогенездік дамудың алғашқы кезеңінде яғни алғашқы айында да бронх қалтасының 2-3 энтодермасынан бастама алады.Лимфо түйіндері тек 3 айдан соң түзіледі.Лимфо түйіндерінің синустарымен стромалық түзілуі туғаннан кейін аяқталады.Лимфоидты фолликулалар өмірінің алғашқы айында дамиды, ал лимфоидты ұлпа толығымен 5 жасқа толғанда толығымен дамиды.Айырша без біртіндеп атрофирленеді.Бұл мүшелердің абсалютті массасы жыныстық жетілу кезеңіне дейін жоғарлайды,содан соң төьендейді. Толығымен мүше ешқашан жойылмайды.Айырша бездің лимфоидты паренхимасы 17 жаста барлық ағза салмағының 50-50% , 60 жаста 10% құрайды.Жаңа туған жануарларда безді алып тастау 1,5-3 айдан кейін ауыр трофикалық иммунды бұзылыстарға әкеледі.(Wasting-синдромы) Бұл күрт ауырумен кішкентай бойлықпен, жүндердің түсуімен диарея, дерматитпен сипатталады.Көк бауыр операциясынан кейін алғашқы күндері лимфоидты элементтің түзілуінің тежелуімен эмбрионалды қан айналым жалғасады. Кеш мерзімінде көк бауырдың лимфоидты ұлпасы ретикулоэндотелиалды элементтің активті өсуінде атрофияланады, лимфоидты фолликула және лимфоциттер деструкциясы басқа лимфотүйіндерінде лимфоидты элементтер ретикулоэндотелиалды және плазмалық жасушалармен ауысуы жүреді.Түйіндер атрофирленеді перифериялық қанда лимфопения,нейтрофиллез байқалады. Көк бауырмен лимфотүйінде атрофияға тимус тәуелді аймақтар ұшырайды.Айырша безді алып тастағанда иммуиды реакция төмендейді баяу типті гипер сезімталдық реакциясы тежеледі.

                                          Сүйек кемігі

Сүйек кемігі- ретикулярлы стромадан құралады.Олардың арасында көбейетін және дифференцияланатын миелоидты эритроидты, мегакариоцитті элементтер орналасады.Адам сүйегінде 1,5% ретикулярлы жасуша 60-65% миелоидты жасуша 6-8 % лимфоциттер 1-3% моноцит 0,4 % мегакориоцит 0,4% плазматикалық ретикулоядерны жасушалар 26% құрайды.

                                                 Көк бауыр

Көк бауыр – организмнің негізгі элементі болып табылады. Оның құрамында қызыл пульпасы бар көп мөлшерде эритроциттер бар синусоидтармен қапталған.Олар синусоидтарда артериола бойымен өрім түрінде орналасады.Бұнда лимфо тамырлары жоқ. Лимфоидты ұлпамен қан арасындағы жасуша алмасу синусоидттардың ретикулярлы ұлпалармен трабекулалардың арқасында қамтамасыз етіледі. Антидене синтезімен көп мөлшерде плазматикалық жасушалар жиналуын қамтамасыз етеді. Антигенді көктамырға енгізгенде антиденелер көк бауырда өндіріледі.

                                            

                                                  Қан

Қан – иммунды жүйенің перифериялық ұлпаларына жатады.Онда бағаналық қан жасушалары және екі типті циркурленеді. Моноциттермен неитрофилдер фагоцитарлы қызмет атқарады.Адам қанының 30% лимфоциттерді құрайды. Адам қанында циркурленетін қанның жалпы саны 10-10 дәрежесіне тең.


Жасушалық иммунитет

·          

Жасушалық иммунитет: Иммундық жүйе типтері



Иммундық жүйе екі бөлікке бөлінген - гуморальдық иммунитет жүйесі және жасушалық иммунитет жүйесі. Гуморальдық иммунитетте қорғаныштық қызметін жасушалар емес, қан плазмасында орналасқан молекулалар атқарса, жасушалық иммунитетте қорғаныштық қызмет иммундық жүйенің жасушаларымен тығыз байланысты. Жасушалық иммундық жүйеде Т-лимфоциттер, ал гуморальдықта В-лимфоциттер болады.

  Жасушалық иммунитет: Жасушалық иммундық жүйенің қорғаныштық қызметін атқа

 макрофагтар мен табиғи киллерлердің активтілеуі→жасушаның ішіндегі патогендерді жояды; • цитокиндердің секрецияларының қосылуы→туа пайда болған және жүре пайда болған иммундық жауап қайтаруға қатысатын иммундық жүйенің басқа жасушаларына әсер етеді және т.б.

  Жасушалық иммунитет: Жасушалық иммунитет неден қорғайды?



Жасушалық иммунитет, әрине, басқа жасушаларды жоятын және фагоциттерде тірі қалатын микроорганизмдерге қарсы бағытталған. Жасушалық иммунитет вирустармен инфекцияланған жасушаларға қарсы тиімді болып келеді. Сонымен қатар, бұл иммунитеттің түрі әртүрлі саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, жасуша ішіндегі бактериялар мен ісік жасушаларынан қорғануға ат салысады.

Жасушалық иммунитет: Жасушалық иммундық жүйе жұмысы

Фагоциттік қасиеті бар Т-лимфоциттер антигенді таниды→ангтигенді өзіне қарай тартады→ антиген жасушаға енеді→ жасушадағы ыдырату қасиеті бар лизосома ангигенді жояды→ антиген қорытылады.

Жасушалық иммунитет — не антиденелер, не комплемент жүйесі қатыспайтын иммундық жауап қайтару түрі. Жасушалық иммунитет барысында макрофагтар, табиғи киллерлер, антиген тәрізді цитотоксикалық Т-лимфоциттер және антигенге жауап ретінде цитокиндер бөлінеді.

                          Иммунитетті нығайту әдістері 

 

Адамның иммунитеті – ол бактериялар, микробтар, вирустар сияқты бөтен организмдер мен инфекциялардың әртүрлі түрлерімен қарсыласатын, ағзаның қорғаушы әрекеті. Біздің ағзамыз иммундық жүйенің бар болуының салдарынан ауруларды жеңіп шығады. Иммунитет бөгде қозғаушы күштерді анықтау қабілеттілігіне және оларды адам ағзасынан қоршауға ие болады.            

Өмір сүру салты дұрыс емес кезде және қоршаған ортаның әсерінен біздің иммунитетіміз төмендейді.Сондықтан, иммундық жүйені қолдау өте маңызды болып табылады.

Өмір сүру салты дұрыс деп – ол дұрыс тамақтануды және физикалық күшін айтады. Қалыпты жұмыс істеу үшін иммунитеттің жасушаларына витаминдер, белоктар, минералды заттар қажет болады.

Дұрыс тамақтануға жататындар жемістер, жидектер, ет, балық және сүт тағамдары.

Иммунитетті нығайтудың әдістері:

1.   Өмір салтын белсенді жүргізу қажет. Жүзу,  жүгіру,  жаяу серуендеу, велосипед тебу, гимнастика не аэробикамен үнемі айналысу иммундық жүйені жақсы нығайтады.

2.  Денеңді дұрыс босаңсытуды үйрену керек. Сіз жұмыстан келген соң диванға аз уақыт жатып бой жазуыңыз керек. Көзді жұмып, қолды өз денеңнің бойымен созып және қандай да бір жанға жағымды нәрсені ойлап, бұл кезде терең және бір қалыпты дем алу керек. Бой жазатын әуенді қосуға болады. Релаксацияның бұндай әдісі күні бойы жиналған шаршағандықты жақсы басады және сіздің иммунитетіңізді күйзеліске жеңіп шығуға жол бермейді.

3.  Саунаға бару керек немесе моншада шабыну керек. Төмен және жоғары ыстықты алмастыру – ол иммундық жүйені шынықтыру болып табылады. Бұндай деңгейлі айырмалар ағзаны бабына келтіреді және тұмауды және созылмалы бронхтың қабынып ауыруын ұмытып кетуге көмектеседі. Саунаға баруға уақыт және мүмкіндік жоқ болған жағдайда, оны ыстық және суық суға шайынумен де алмастыра алады.

4.   Адам ағзасына қолайлы болатын арнайы дәрі-дәрмектерді немесе шөптерді, тағамдарды  ішіп-жеу керек.

5.   Иммунитетті нығайтуға көмек көрсететін, табиғи заттар: адамтамыр, шәңгіш, итмұрын, сарымсақ, пияз, қызылмия, шайқурай, қызыл беде, сүйелшөп, қызылтамыр, девясил, бақбақ.

6.   Арқаны сақтау керек. Барлық адамдың арқасындағы екі жауырынның арасында сатайтын жері бар. Бұл жер – ол тыныс алу мен жүрек-қан тамырлары жүйесінің кескіні. Бұл жүйелерді нығайту үшін арқаны жиі уқалап жұмсарту және сылау керек.

7.   Иммундық жүйенің сау болуының ең басты жолы – ол оптимизм. Психологтар бұрыннан бері оптимист адамдар пессимист адамдарға қарағанда сирек және жеңіл ауыратынына көз жеткізді. Өмірге деген жақсы және парасатты қатынасты сақтау үшін жағымсыз төтенше жағдайлар туралы бағдарламаларды теледидардан аздап көру керек.

8.   Қоршаған ортаның жақсы бейнесі көбірек болсын. Көптеген адамдардың аурулары сұр, күңгірт түстермен және қағымен байланысты болады. Өз айналаңызда  денсаулықтың ақпараттық ой өрісін жасаңыз. Киімнің ашық түрлерінің үйлесімін таңдаңыз, үйдің ішкі көрінісіне ашық түстерді қосыңыз

Информация о файле
Название файла Иммунитет от пользователя Гость
Дата добавления 5.5.2020, 16:00
Дата обновления 5.5.2020, 16:00
Тип файла Тип файла (zip - application/zip)
Скриншот Не доступно
Статистика
Размер файла 448.35 килобайт (Примерное время скачивания)
Просмотров 1152
Скачиваний 142
Оценить файл